Оқиғаға қатысты полицияның түсініктемесі тарады.
Бауырын жұрттың көзінше аяусыз ұрған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
818
оқылды

Қарағанды ​​облысының Қушоқы ауылында көпқабатты үйдің ауласында күндіз ер адамды аяусыз ұрып-соққан оқиға видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әлеуметтік желіде бұл бейнежазба кеңінен талқыланды. Ашулы ер адам екіншісін темір құбырмен ұрып жатқанын байқауға болады. Оқиға күндіз көпқабатты үйдің ауласында, адамдардың алдында болған.

Оқиғаға қатысты Қарағанды ​​облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Бұқар жырау ауданы, Қушоқы ауылындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында бұзақылық жасағаны үшін полиция қызметкерлері 28 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Бұзақылық әрекетке қатысушылар ағайынды болып шықты. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп атап өтті Қарағанды ​​облысы ПД.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.