Марқұмға ота жасаған аурухана оның өліміне трансплантация себеп болмағанын мәлімдеді.
Шошқаның бүйрегін салған алғашқы адам екі ай ғана өмір сүрді
2,356
оқылды

Шошқаның генетикалық түрлендірілген бүйрегін алған алғашқы адам трансплантациядан екі ай өткен соң қайтыс болды, – деп жазады Aikyn.kz.

Ричард Слейман 62 жасында наурыз айында Массачусетс штатының госпиталінде трансплантациядан өтті. Хирургтар шошқаның бүйрегі кем дегенде екі жыл өмір сүруге мүмкіндік беретінін айтқан еді. 

Массачусетс жалпы ауруханасының трансплантациялау тобы марқұмның отбасына көңіл айтты.

Слейман шошқаның бүйрегін ауыстыру операциясынан өткен алғашқы адам болды.

Бұған дейін тәжірибе ретінде шошқа бүйрегі миы өлген реципиенттерге уақытша трансплантацияланған болатын.

Екі ер адамға шошқадан жүрек трансплантациясы жасалды, бірақ екеуі де бір ай ішінде қайтыс болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.