Эверест шыңына Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев Қазақстанның Мемлекеттік Туын орнатты.
Қазақ қызы тарихта алғаш рет Эверест шыңына шығып, рекорд орнатты
Фото: Kazakh Everest Team
1,714
оқылды

Тарихта алғаш рет қазақ қызы Эверест шыңына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құрамында Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев бар «Kazakh Everest Team» қазақстандық команда әлемнің ең биік шыңы – Эверест шыңына (8 848 м) сәтті көтерілді. Бұл туралы «Kazakh Everest Team» баспасөз қызметі мәлімдеді.

Непалдың Гималайда көтерілуге маманданған және қазақстандық экспедицияның ресми жолсерігі «Seven Summit Treks» компаниясының хабарлауынша, қазақстандық команда 12 мамыр күні Непал уақытымен таңғы сағат 07:25-те Эверест шыңын бағындырды.

8 000 метрден жоғары биіктіктегі дауыл мен боран түріндегі күрделі ауа райына байланысты шыңды бағындыруға ниеттенген экспедициялардың көпшілігі бағытынан кері қайтты. Тек бес елдің альпинистері Эверестке сәтті көтеріле алды. Олардың арасында біздің отандастарымыз бар. Тарихта әлемнің ең биік шыңына шыққан тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева және еңбегі сіңген қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев. Бұл оның Эверест шыңына осымен үшінші рет шығуы.

Эверест шыңына Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орнатты.