Жұмысқа ауданның арнайы техникасы жұмылдырылып, облыс орталығынан қосымша техника тартылды.
Индер кентінде тасқын сумен күрес жұмыстары жалғасып жатыр
1,128
оқылды

Тасқын су зардабын жою жұмысын қауіпсіз жүргізу үшін кенттің бір бөлігі электр қуатынан ажыратылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖ жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап. 

– Қазір айналаны су басып қалмау мақсатында оны Жайық өзеніне қарай шығарылып жатыр. Сонымен қатар, апатты учаскенің айналасында үш деңгейлі бөгет салынуда, жағдай бақылауда, - деді Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов. 

Аудан басшысының айтуынша, Индербор ауылының бір бөлігі жарықсыз қалады. Сондай-ақ, резервтік бөгет салу жұмыстары жүргізілуде. 

Оқиға орнында Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов және ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов бар. Ауданның арнайы техникасы жұмылдырылып, облыс орталығынан қосымша техника тартылды.

Баян Жанұзақова

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.