Қарағанды облысында 4427 бас малдың бруцеллезге шалдыққаны анықталған
Қарағанды облысында 4427 бас малдың бруцеллезге шалдыққаны анықталған
© Сурет ғаламтордан
356
оқылды
Қарағанды облысында өткен жылы 658 мың ірі-қара тіркеліп, оның 4 мың 427-сінен бруцеллез анықталған. Мал ауруының бұл түрі адамдар үшін де аса қауіпті. Сондықтан өңірде көктемгі жайылым алдында төрт түліктен жаппай сынамалар алынып, егу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Хабар 24. Қазір оларға бірдейлендіру сырғасын салып жатыр. Мал сол арқылы базаға еңгізіліп, тіркеуде болады. Абай ауданының ветеринарлық фельдшері Серік Шәріпов тек бір күнде 100-ге жуық ірі қарадан бірнеше ауру бойынша сынама алады. Нәтижесінде, туберкулезден бастап Сібір жарасынан дейін бірқатар ауруларды анықтау мүмкіндігі бар. Аудан көлемінде ірі-қараның саны 26 мыңнан асып жығылады. Ал оларды бақылап отыру үшін осындай «сырға» салу маңызды. Биылдың өзінде қауіпті дертті жұқтырғандар бар.
 "Зерттеу жұмысын жүргізгенде бруцеллез, туберкулезге сынама аламыз. Ауылдар бойынша оң нәтиже бергендер бар. Оларды сою алаңына өткізіп, 30 пайыз өтемақысын төлеп бердік", - деді Абай ауданының ветеринариялық станциясының басшысы Егінбай Құлшынбаев.
Ануархан Әбдіжәлілов асыл тұқымды ангус сиырын өсірмек ниетте. Кәсібін енді бастаған оның жалпы 30-дан астам сиыры бар, Алайда мал бір жұттық екенін жақсы білетін ол дерттің алдын алғанды жөн санайды. "Мал ауруы шыққан жоқ. Ветеринарлар келіп уақытылы вакцинасын жасап тұрады, витаминдерін береді", - деді фермер Ануархан Әбдіжәлілов Бүгінде ауданда көктемгі жайылымға дейін мал басын жіті тексеріп үлгеру мақсатында мобильді бригада жұмысын бастапты. Деседе кадр тапшылығы қол байлау болып отыр. 15 ауылдық округі бар ауданда не бары 32 ветеринар маман қызмет етіп келеді. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Қарағанды облысының  Шет ауданына қарасты Еркіндік ауылында Сібір жарасы инфекциясы шығып, салдарынан 2 адам қайтыс болған болатын.