Облыстағы 2904 отбасына 939 млн 223 мың теңге берілді. 
Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендер біржолғы өтемақымен 100% қамтылды
2,133
оқылды

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге берілетін біржолғы әлеуметтік төлемдердің барлығы төленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде Президент тапсырмасына сәйкес су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау шаралары жалғасып жатыр. 4 сәуірден бастап өмірлік қиын жағдайға тап болған ақтөбеліктерге қаржылық көмек көрсету мақсатында біржолғы әлеуметтік төлем төлеу жұмыстары жүргізілді.

Бүгінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен оған қарасты аудандық бөлімдер келіп түскен өтінімдердің барлығын жан-жақты қарап, тиісті қаржыны өтініш иелеріне аударды. Облыстағы 2904 отбасына 939 млн 223 мың теңге берілді. 

Мемлекеттік орган мұнымен жұмысты тоқтатпақ емес. Егер қаржылай көмек туралы өтініш түсетін болса, толықтай тексерістен соң, оны төлейді.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.