Қазір ғаламтор арқылы банк картасынан ақша суырып алатын алаяқтар көбейді.
Ғаламтордағы алаяқтарға алданып қалмас үшін не істеу қажет?
www.istockphoto.com
2,226
оқылды

Қазір алаяқтықтың түрі еселеп дамып кетті. Тіпті ғаламторда отырып-ақ, банк картасынан ақшаңызды суыратын алаяқтар көбейді. Алаяқтардың кез келген нөмірлерді жасай алатынын естен шығармауымыз керек. Сол себепті SMS-хабарлама арқылы жіберілетін нөмірлерге қоңырау соқпай әрі сондағы сілтемеге өтпей, ресми дерекке сенуіміз қажет,-дейді Aikyn.kz.

Алаяқтарға алданып қалмау үшін қауіпсіздіктің мынадай қарапайым ережелерін есте сақтау қажет:

- Төлемдер туралы ақпаратты әрқашан банктердің, мемлекеттік органдардың ресми сайттарынан тексеріп отырыңыз;

- Өзіңіздің жеке және банктік деректеріңізді, әсіресе картаның оның жарамдылық мерзімін және арғы бетіндегі үш таңбалы санды күмәнді сайттарда жарияламаңыз;

- Ақша туралы әңгіме қозғайтын бөтен адамдардың қоңыраулары мен хабарларына сенбеңіз;

- Төлем картасындағы 3D-Secure функциясын өшірмеңіз.

- Барлық транзакцияларды көріп отыру үшін мобильді қосымшадағы SMS  және push-хабарламаларды қосып қойыңыз;

- Электрондық поштаға және мессенджерлерге жіберілген белгісіз файлдарды ашпаңыз; 

- Алаяқтардың сайттарына өтуге мүмкіндік бермейтін вирусқа қарсы сенімді бағдарламаны орнату қажет;

- Ақшалай қаражатыңызды ұрлаған жағдайда, құқық қорғау органдарына өтінішпен жүгініңіз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.