Зерттеуге 500-ге жуық адам қатысып, 11 жыл бойы олардың қандай тамақ жегені бақылауға алынған.
Балық, чипсы, тұздалған көкөністер: асқазан қатерлі ісігін қоздырады
1,075
оқылды

Вена медициналық университетінің ғалымдары дұрыс тамақтанбаудың салдарынан асқазан қатерлі ісігі қоздыратынын айтты. Бұл туралы Doctorpiter басылымы жариялады. 

Зерттеуге 500-ге жуық адам қатысып, 11 жыл бойы олардың қандай тамақ жегені бақылауға алынған. Әсіресе, қатысушылардың тамақ пен тіскебасарды күніге қанша рет тапсырыс беретіні де есепке алынды.

Мамандардың айтуынша, соның ішінде тұзды мөлшерінен көп пайдаланғандар асқазан қатерлі ісігіне шалдыққан. Ал қатысушылардың 40 пайызы тұзды асыра сілтеп пайдаланған екен. Кейбірі чипсы, балық, маринадталған көкөніс секілді тұзды тіске басарларды көп жеген. Енді бірі тапсырыспен келген тағамның тұзын азсынып, үстіне дәмдеуішті қоса түскен.  

"Мұндай тендеция негізі Батыс елдерінде байқалады. Онсыз да тұздалған дүниеге тағы тұз қосу қаншалықты қажет. Сондықтан тамаққа тұзды аз мөлшерде қосып, тұздалған тіскебарларды көп жемеуге тырысыңыздар", – дейді Вена университетінің диетологі, жетекші авторы Селма Кронштейнер.