Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Жаңбыр, бұршақ, 2 градус үсік: 14 мамырға ауа райы болжамы жарияланды
4,887
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 14 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, –деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Оңтүстік циклоны және олармен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан арқылы жылжи отырып, найзағаймен жаңбыр, солтүстік пен орталықта қатты жаңбыр, бұршақ әкеледі. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстігі мен орталығында дауыл, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында, Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.