Алматыда алғаш рет «Жібек жолы үні» халықаралық музыкалық фестивалі өтеді. Іс-шара 22-25 мамыр аралығына жоспарланған.
«Жібек жолы үні» фестивалі өтеді
фото: 24.kz
695
оқылды

Оған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше 9 елдің әлемдік деңгейдегі музыкалық продюсерлері мен талантты өнерпаздары қатысады. 

Шоу аясында Франция, Ма­рокко, Эстония, Италия, Герма­ния сияқты мемлекеттердің же­тек­ші музыканттары өнер көр­се­теді. Фестиваль халықтар ара­сын­дағы достық қарым-қаты­насты нығайтуға бағыттылаған. 

– Мұндай деңгейдегі іс-шара біздің ұйымның тарихында алғаш рет ұйымдастырылайын деп отыр. Алматы – Шанхай ынты­мақтастық ұйымының туристік және мәдени астанасы. Мұнда барлық мемлекет бір-бірінің бай мәдениетімен танысуға мүмкін­дік алады, мәдени пікір алмасады. Өз басым тағатсыздана күтіп жүр­мін. Бұл биылғы жылы өтетін ең ірі іс-шаралардың бірі болмақ, – деді ШЫҰ хатшылығы бас хат­шы­сының орынбасары Жанеш Кайн. 

– Негізгі мақсаты сол – Жібек жолы бойындағы елдердің ара­сындағы мәдени қарым-қаты­насты күшейту. Осы арқылы біз тағы да Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы бауырластықты және түсіністікті арттыра түсеміз. Бұл шілдеде өтетін Астана сам­митіне орайластырылып ұйым­дас­тырылған мәдени іс-шаралар­дың бірі болайын деп тұр, – деп баға берді ШЫҰ хатшылығы жа­­нын­дағы Қазақстанның тұрақ­ты өкілі Нұрлан Аққошқаров.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ