Бүгінде елімізде жетім және ата-ана­сының қамқорлығынсыз қалған балаларға жеке қолдау мен көмек көрсететін тәлім­герлік институтын енгізу жөніндегі жоба табысты іске асырылуда. Еліміздің 17 қаласында 300-ден астам адам тәлімгер атанды.
300-ден астам адам тәлімгер атанды
981
оқылды

Тәлімгерлікке кандидаттарды іріктеу про­цесін қорға­ншы және қамқоршы органдар жү­зеге асырады. Әрбір кан­­дидат әңгімелесу арқы­лы өтеді, сондай-ақ тұрғын үй – тұр­­мыстық жағ­дай­лары да ескеріледі. Іріктеудің барлық кезеңі­нен өтіп, тиісті қорытынды алғаннан кейін ғана кандидат тәлімгер бола алады.

Кандидаттарға қойылатын талаптар азамат­тығы, кә­мелетке толуы, соттылығының жоқты­ғы, әрекетке қабі­леттілігі, тұрғылықты жерінің болуы және тағы басқа қам­тиды. Тәлімгердің балаға қосымша білім беру мен ме­дициналық қызметтерді қоса алғанда, түрлі салада қолдау көрсетуге құқығы бар.