Халық ақыны Кенен Әзірбаев әндерінен дәстүрлі әншілер арасында республикалық конкурс басталды. Студенттер арасында ұйымдастырылған байқауға Қытайдан, Моңғолиядан, Өзбекстаннан өнерпаздар қатысты.
Дәстүрлі әншілердің байқауы басталды
1,073
оқылды

Сал-серілік дәстүрдің соңғы тұяғы Кенен Әзірбаев алтын қор­ға 130-дан астам ән, 7 күй қал­дырған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бас жүлде – 700 мың теңге. Сайысқа 40 қатысушы арасынан 25 үміткер іріктеліп алынды. Бірінші турда жеңімпаз атанғандар келесі турға өтеді. 

– Республикамыздағы сал-серілерімізді, оның ішінде Кенен Әзірбаевтың әндерін насихат­тауымыз керек. Негізі, халық ақы­нының кей әндері бұрын ай­тыл­май қалды. Арагідік бір-екі ән­шілер айтатын. Енді осы ән­дерді жүйеге кіргізу керек қой, – деді Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосынов. 

– Қазақтың белгілі ақыны, Ке­­нен Әзірбаевтың туғанына биыл 140 жыл толып отыр. Бұл ме­­реке Қазақстанның әр қала­сын­да, облыс орталықтарында, әр жерде іс шаралар өтіп жатыр. Сол іс-шараның біреуі – осы. Астана қаласында тұңғыш рет Кенен Әзірбаев әндерінен кон­курс өтіп жатыр. Конкурстың бір ерекшелігі кәсіпқой әншілер қатыса алмайды. Тек әуесқой жас­ әншілер ғана қатысып, өнер көр­сетеді, – деді К.Әзір­баевтың ұлы Бақытжан Әзірбаев. 

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ