«AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалы атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың қа­тысуы­мен партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің бірлескен отырысы өтті.
Бірлескен отырыс өтті
1,018
оқылды

Жиында Мемлекет басшысының Жолдауда айқындалған бағыттардың бірі – мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесін енгізу, қазіргі жүйенің пробле­маларын жою, сонымен қатар мүге­дек­тігі бар азаматтар құрған қоғамдық ұйым­дарынан сатып алынатын тауар­лардың, көрсетілетін қызметтерді мем­­лекеттік сатып алу кезінде Индуст­рия­лық сертификат талап ету бойынша ұсыныстары жан-жақты талқыланды.  

Мемлекеттік сатып алу жүйесін қайта қарау мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Бұл барлық әлеу­мет­тік маңызды жобаны жүзеге асы­руға тікелей әсер ететіндіктен Үкі­мет­тің кеңейтілген отырысында Мемлекет бас­шысы бұл саланы түбегейлі рефор­малауды тапсырған болатын. Қазір Мем­лекеттік сатып алу туралы заң жо­­басы Мәжілісте қаралып жатыр. Жиын барысында партиялық бақылау ко­миссиясының төрағасы Нұркен Ба­қытбекұлы мемлекеттік сатып алу­дың барлық процесі автоматтан­ды­рыл­ғанмен, мемлекеттік сатып алулар проблемалық салалардың бірі болып отырғанын тілге тиек етті. 

«Мемлекеттік сатып алуда жемқор­лық мәселесі үнемі байқалады деп айтсақ артық айтқандық болмас. Әсіресе, құрылыс пен жол жөндеу ісіне сұрақ­тар көптеп кездеседі. Мәселен, аудан­дардағы құрылысы кешігіп жат­қан нысандарға партиялық бақылау жүр­­гізгенде, бірнеше мердігер меке­ме­нің құрылыс жұмыстарына салғырт­ты­ғы, жауапсыздығы салдарынан пай­­­­далануға беру кестесінен кешік­ке­ніне куә болдық. Мерзімінде бітпеген ны­сандар, сапасы сын көтермейтін ны­сандар – соның айғағы. Бұл бойын­ша депутаттық фракция тарапынан атал­ған компанияларға қатысты құ­қық­тық баға беруін сұраған арнайы хат Жоғарғы сот пен Бас прокурорға, Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті мен Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агент­ті­гіне, Қаржылай мониторинг агенттігі мен партия басшылығына жолдан-ды», – деді Нұркен Бақытбек­ұлы. 

Отырыс барысында Мемлекет бас­шы­сының Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ша­ралардың өңірде орындалуы бойын­­ша облыстық мемлекеттік са­тып алу басқармасы басшысының ха­барламасы тыңдалды. Сонымен қа­тар мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бір­лестіктері және солар құрған ұйым­дардан сатып алынатын тауар­лар­дың, жұ­мыстардың, көрсетілетін қыз­мет­терді мемлекеттік сатып алу кезінде Индустриялық сертификат талап ету қаншалықты тиімді. Осы бағытта Қар­жы министрлігіне мемлекеттік сатып алу заңнамасына тиісті өзгерістер ен­гізу туралы «Жігер» Қызылорда об­лыс­ы мүгедектерінің қоғамдық бір­лес­тігінің төрағасы Мұрат Джумадилаев ұсынысын жеткізді. 

Біріккен отырыста Ішкі мемлекет­тік аудит комитетінің, «Атамекен» кә­­­­сіпкерлер палатасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілдерінің ұсыныс пікірлері тыңдалды. 

Жиынды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төра­ғасы Мақсұт Нәлібаев қорытындылап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен саланы жетілдіру бағытындағы өз ойын ортаға салды. 

Бердібек ҚАБАЙ