Лондонда 17 елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін паш еткен іс-шара өтті. Шетелдік көрермен қазақтың ұлттық киімдерін де көрді.
Ұлыбританияда ұлықталған ұлттық киім
812
оқылды

Көрсетілімге Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі және «Қазфэшн Париж» француз қауымдастығының қолдауымен ақтөбелік дизайнер де қатысты. 

Cабина Наурызалинаның ұлт­тық киім тігумен айналысып келе жатқанына 15 жылға жуық­тады. Өз өнімдерін 2 чемоданға салып, Ақтөбеден Лондонға жал­ғыз келген. Әшекей бұйымдары мен сәнді сөмкелерін қоса есеп­тегенде қолмен кестелеп тігілген әр көйлегінің салмағы әжептәуір. Қалыңдық сәукелесінің өзі 6 келі тартады. Шетелдік көрерменге ұсын­ған топтамасы «Наурыз» деп аталады. Ұлттық киімдерден бө­лек күнделікті өмірде киюге ар­нал­ған сәнді көйлектері де бар.

– Батыс Қазақстандағы ұлт­тық киімдердің басты ерекшелігі, әлбетте оюларында. Гүл форма­сындағы сурет көптеп кездеседі. Қанық қою түстер де ерекше әр беріп тұр. Әр костюмге сәйке­сінше әшекей бұйымдарды да таңдадық. Қыз баланың ажарын аша түсетін сырға, өрілген бұрым­ның ұшын бекіту үшін тағылатын шашбауы да бар, – деді дизайнер С.Наурызалина. 

Үзіліс кезінде қайырымдылық жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. Әр ел қолөнер бұйымдары мен ұлт­тық тағамдарын сатып, түскен қа­ражатты қайырымдылыққа ау­дар­ды. Іс-шара биыл бірінші рет өткізіліп отыр. Болашақта оны жыл сайын ұйымдастыру жоспар­ланған.