Елордалық прокуратура ветеринария­лық заңнаманың сақталуына тексерулер жүргізді. Нәтижесінде, бірқатар заң­бұзушылық анықталды.
Ет дүкендері санитарлық талапқа сай емес
1,192
оқылды

Нақтырақ айтар болсақ, еш бақылаусыз ет өт­кізетін субъектілердің жұмыс істейтіні анық­талған. Етті талапқа сай тасымалдамау, қауіпті жұқ­палы аурулар бойынша жоспарлы ветери­нариялық іс-шараларды орындамау, сондай-ақ ішкі сауда объектілерінде орналасқан ветери­нариялық зертханалардың өзінде заңбұзу­шылықтар бары белгілі болды. 

«Қала бойынша ветеринариялық-сани­тария­лық бақылаудан өтпеген мал шаруа­шылығы өнімдерін сататын жүзден астам бақы­ланбайтын субъекті жұмыс істейді», – делінген хабарламада.

Барлық зертханада ветеринариялық-сани­тариялық жағдайдың сақталмайтыны анық­талған. Тіпті, кейбір зертханалар ветеринария­лық-санитариялық қорытындысыз қызметін жүзеге асырып отырған.  

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке, мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.