Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жамбыл облысындағы ауылда жасөспірімнің мәйіті табылды
Фото: pexels.com
919
оқылды

2024 жылы 13 мамырда Меркі аудандық орталық ауруханасынан Сыпатай батыр ауылындағы үйлердің бірінің жанынан кәмелетке толмаған баланың денесі табылғаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлайды  Aikyn.kz  Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірімнің өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды.

"Полиция қызметкерлері ізін суытпай кәмелетке толмағанды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алды. Сонымен қатар оған қатысты суық қаруды заңсыз алып жүргені үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәлімет жариялануға жатпайды"- деді Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметінен.