Ұлыбританияда 37 жастағы Бейбіт Баймолда 42 жастағы ер адамды пышақтап тастады деген айыппен ұсталған болатын.
Қазақстаннан Лондонға қара жұмыс істеуге барған ерлі-зайыптылар кісі өлтірді деген күдікке іліккен
Фото: sportishka.com
1,510
оқылды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Лондонда кісі өлтірді деп күдікке іліккен Қазақстан азаматы туралы айтты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

«2024 жылғы 10 мамырда Лондон полициясы Қазақстан азаматы Ұлыбританияда адам өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы хабарлады. Анықталғандай, ұсталғандар ерлі-зайыптылар, әйел ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып бергеннен кейін босатылған. Ал ер адам тергеліп жатыр. Біз барлық қажетті консулдық құқықтық көмекті көрсетеміз», –  деді Айбек Смадияров.

Еске салсақ, Ұлыбританияда 37 жастағы Бейбіт Баймолда 42 жастағы ер адамды пышақтады деген айыппен ұсталған болатын. Қазақстан азаматы 2023 жылы Ұлыбританияға маусымдық жұмыс істеуге барған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.