Оқиға 12 мамырда кешкі ақшам намазы кезінде болған.
Мешітте намаз уақытында ер адамды «Әмин» деп айтқаны үшін ұрып жіберген
Фото: видеодан алынды
5,291
оқылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітте намаз уақытында болған төбелеске қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz..

Оқиға 12 мамырда кешкі ақшам намазы кезінде болған. Бұл сәттің видеосы желіде пайда болды. Онда өзгелермен қатар намаз оқып тұрған ер адамды екіншісі жұдырықпен ұрып жібергенін байқауға болады.

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының мәліметінше, өзге мәзһабта намаз оқыған бір топ адам жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзған.

Намаз кезінде «Әмин» дұғасын қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған. Нәтижесінде имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған.

«Оқыс оқиға дер кезінде тоқтатылып, полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізген. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы мешітке келуші жамағатты мешіт ережесіне бағынуға, сонымен қатар құлшылық үйінде сабыр сақтап, көркем мінез танытуға шақырады», - делінген ҚМДБ мәліметінде.

Айта кетсек, ҚМДБ бекіткен «Мешіт ережесі» бойынша Қазақстан мұсылмандарының ауызбіршілігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету үшін намаз бен діни рәсімдер Әбу Ханифа мәзһабы бойынша орындалады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.