Айтуынша, бұрынғы сүйіктісі қарыз ақшасын қайтарғанымен, кешірім сұрамаған.
"Сол адамнан мені сақтап қалғанына шүкір": Анна Данченко жеке өміріне қатысты жазба жариялады
Фото: instagram.com/ann_2905
5,092
оқылды

Танымал тележүргізуші Анна Данченко жеке өміріне қатысты жазба жариялады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Айтуынша, бұрынғы сүйіктісі қарыз ақшасын қайтарғанымен, кешірім сұрамаған.

"Адам өзгермейтініне бүгін көзім жетті. Сотқа қатысты емес, өз өміріме қатысты. Алла "сол" адамнан мені сақтап қалғанына шүкір деймін. Адамнан жамандық көрмеймін, көргім келмейді. Маған не істесе де, адам адам болып қалса екен деп ойлаймын. Ақшаны қайтарды, бірақ кешірім сұрамады. Басқа да мәселелер болды", –  деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Анна Данченко бұрынғы сүйіктісінен қарызға берген ақшасын қайтаруды сұрағанда оның қоқан-лоқы көрсеткенін мәлімдеген болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.