Түрмедегі ақша айналымы 3 млрд теңгеден асқан.
Алматы облысында түрмеде отырғандар несие рәсімдеп, онлайн казино ойнаған
Фото: freepik.com
998
оқылды

Алматы облысының прокуратурасы түзеу мекемелерінде заңсыздықтарды анықтады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Прокуратура мәліметінше, сотталғандар, ұялы телефондар пайдалану арқылы онлайн сатып алуды, кредиттерді рәсімдеп және букмекерлік кеңселер мен онлайн казино арқылы құмар ойындарға қатысқан. Түрмедегі ақша айналымы 3 млрд теңгеден асқан.

"№10  мекеменің сотталғандары, мобильді құрылғыларды қолдана отырып, рұқсат етілген және тыйым салынған заттарды мекеме ішінде сатқан. Аталған дерек бойынша Алматы облысының прокуратурасымен ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді", –  деп хабарлады ведомстводан.

Іле аудандық сотының үкімімен осы мекеменің үш қызметкеріне түрлі жазалау шарасы қабылданды.

Бұдан басқа, облыс прокуратурасы ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша №12 және №57 мекемелердің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, №57 мекеме бастығына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

"Анықталған деректер қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекеме қызметкерлерінің қатысуымен бұзушылықтардың жалғасып жатқанын айғақтайды. Тергеу жалғасуда және қазіргі уақытта ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды", –  деп атап өтті Алматы облыстық прокуратурасы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.