Ол өз құрбандарынан 150 мың мен 500 мың теңге арасында ақы алып, виза жасап беруге уәде еткен.
Азаматтарды Жапония мен Кореяға виза алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды
401
оқылды

Күдікті алматылық блогер екені анықталған, деп жазады Aikyn.kz.

Ол азаматтарға Жапония мен Кореяға виза рәсімедеп беруге көмектесемін деп уәде етіп, ақша алып отырған.

Сондай-ақ, ол өзінің блогында осы екі мемлекетте табыс табудың жолын көрсетіп ақыл-кеңестер айтып отырған. 

"Күдікті ұсталды. Оның үстінен 15 адам полицияға арызданды,"- деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Мулинов.

Алайда алданған адамдар әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді тәртіп сақшылары.

Зардап шеккендер 8-707-142-01-11 және 8-702-777-11-40 телефондарына хабарласуға болады.