Екібастұзда абайсызда баласын өлтіріп алған тұрғынға сот үкімі шықты.
Екібастұзда сәбиін аштан өлтіріп алған әйел жазаға тартылды
608
оқылды

Қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың 10-17 қарашасы аралығында Шідерті ауылында тұрып, өзінің сегіз айлық баласына немқұрайлылық танытып, оны уақытылы дұрыс тамақтандырмаған. Бұл абайсыздық баланың өліміне әкеп соқты, – деп жазады Aikyn.kz.

"Айыпталушы кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді. Сондай-ақ, жауап берушінің кінәсі сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен, сарапшының айғақтарымен және сотта зерттелген басқа да құжаттамалық және заттай дәлелдемелер дәлелденді", – деп хабарлады баспасөз орталығы.

Прокурор оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі мемлекеттік айыптаушының ұстанымын қолдады. 

Бұл қылмыс аса ауыр қылмыс санатына жатпайды. Сол себепті бұл үшін заңда 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлардың болмауына және жеңілдететін мән-жайлардың болуына байланысты жазаның мөлшері көрсетілген мерзімнің жартысынан, яғни 1 жыл 6 айдан аспауы керек. 

Сот сотталушының жеке басын және отбасылық жағдайын ескере отырып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қалған екі жас балаға қатысты айыпталушының ата-ана құқықтары шектелген, олар Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қамқорлығына берілген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.