Тергеу Полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.
Үш жасар қыздың зорлануы: Ақтөбе облысы полициясы сараптама қорытындысын жариялады
Фото: istockphoto.com
757
оқылды

Осы жылдың 14 мамырында Ақтөбе қаласындағы емдеу мекемесіне облыс тұрғыны 3 жасар баланы жыныстық зорлық-зомбылық іздерінің бар-жоғына тексеру жүргізу туралы өтініш білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Осы өтініш бойынша жедел-тергеу тобының дереу шығуы қамтамасыз етілді. Қылмыстық іс тіркеліп, оның шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындалып, жүргізілді.

«Сот-медициналық сарапшының алдын ала мәліметтері бойынша, жас баланың жыныс органдарының аймағында дене жарақаттары жоқ. Сонымен қатар қылмыстық іс полиция департаментінің Тергеу басқармасының өндірісіне қабылданды. Оқиғаның барлық мән-жайы мұқият тексеріліп жатыр. Барлық тергеу шаралары процессуалдық прокурордың қатысуымен жүргізіледі», – деді Ақтөбе облысы Полиция департаментінен.

Тергеу Полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.