Сарбаздар да, ТЖД мамандары да күні-түні жұмыс істеп жатыр.
"Ауылымыз судан аман шықса деп тілеп отырмыз": Талдыкөл тұрғыны ауылдағы жағдай туралы айтып берді
Фото: видеодан кадр/жедел штаб
692
оқылды

Үйі суға кету қаупінің алдында тұрған Талдыкөл ауылының тұрғыны Жанаргүл Құмарғалиева соңғы он алты жылда мұндай көлемдегі суды бірінші рет көріп тұрғанын айтты. Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Тұрғын аяқ астынан су келгенде қорыққанын айтады. 

"Үйімізді жаңадан салып кіргенімізге биыл үшінші жыл. Шыны керек, абдырап қалдық. Қазір бала-шағамыз қалада. Өзім қала мен ауыл арасына қатынап жүрмін. Жолдасым ауылда кезекшілікте жүр. Қазіргі уақытта негізгі бөгеттен тыс орналасқан балабақшамен бірге екі үй бар. Сол тұрғын үйдің бірі – біздің баспанамыз. Еңбегімізбен салынған үй болған соң шыбын жанымыз шырқырап жүріп жатырмыз. Сарбаздар да, ТЖД мамандары да күні-түні жұмыс істеп жатыр. Қазірдің өзінде қосымша құм төселіп, су бөгеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ауылымыз судан аман шықса деп тілеп отырмыз", - дейді Талдыкөл ауылының тұрғыны Жанаргүл Құмарғалиева. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.