«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды эколо­гиялық акциясы аясында ChatGPT көмегімен салынған сурет­тердің фотокөрмесі өтті.
Жасанды интеллект салған суреттер көрмесі
583
оқылды

Қаланың болашағы туралы көзқарасты бейнелейтін кар­тиналар «Бәйтерек» монументі айналасында орналасқан. Елор­далық жас белсенділер картина­лар жасанды интеллект ChatGPT арқылы жасалғанын айтты. Олар жасанды интел-лектіден астана­лықтар тарапы-нан ұқыптылық болмаса, қаланың және оның танымал орындарының жағдайы не болатынын көрсету-ді сұрады.

«Экоакция барлық қалалар мен ауылдардың тұрғындарына белсенділік танытуға мүмкіндік жасайды. Артқа қарап, қоқысты ғана емес, оны тазарту арқылы біз ертеңгі күнге қамқорлық жасай­тынымызды байқаймыз. Ұқып­тылық бізден басталады. Табиғат аясында демалғаннан кейін өзіңізбен алып келген заттардан қалған қоқыстарды бірге алып кету керек. Табиғатымызды, сү­йік­ті Қазақстанымызды қорғауы­мыз керек», – деп атап өтті акция қонағы, Қосшы қаласы мәсли­хаты­ның депутаты Ирина Оси­пова. Сондай-ақ қала тұрғындары үшін қоршаған ортаны тазарту үнемі алаңдаушылық туғыза­тынын атап өтті.