Елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы өтіп жатыр.
Спортшылар экоакцияға қатысты
458
оқылды

Астана қаласын көгалдандыру ісіне әлем чемпиондары мен Париж Олимпиадасына жолдама иегерлері және қалалық Спорт басқармасына қарасты №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері белсене қатысты.

Аталған экоакция аясында Алматы ау­данына 6 300 түп ағаш отырғызу жос­пар­ланған. Сенбілікте спортшылардың үле­сіне тиген бас-аяғы 30-ға жуық жөке аға­шы отырғызылды. Көгалдандыруға бок­стан ұлттық құраманың бас бапкері Мыр­зағали Айтжанов, белгілі бокс­шы­лар – Сәкен Бибосынов, Махмұд Са­быр­хан, Асланбек Шымберген, Айбек жә­не Нұрбек Оралбайлар, Қамшыбек Қоң­қабаев қатысты. 

«Бүгінгі көгалдандыру жұмысына №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мек­тебінің 26 оқушысы мен Париж Олим­пиадасына жолдама алған 10 спорт­шы қатысып жатыр. Абаттандыру уа­қы­ты аяқталғанға дейін ауданда 6 300 ағаш отырғызылатын болады. Бұл ша­ра­ға спортшылардың қатысуының басты се­бебі – қала тұрғындарын «Таза Қазақ­стан» акциясына баулу және оларды ша­қыру, өсіп келе жатқан келешек чем­пион­дармен бірге нетуоркинг арқылы тәжірибелерімен алмасу. Экоакцияның көмегімен біз жастарды, елорда тұрғын­да­ры мен қонақтарын спортпен шұғыл­да­нуға және қаланың тәртібі мен эко­ло­гиялық жағдайына мән беруге шақыра­мыз», – дейді Астана қаласы Дене шы­нық­тыру және спорт басқармасы бас­шы­сының орынбасары Исламбек Бай­манов.

Париж Олимпиадасына жолдама ал­ған былғары қолғап шебері Айбек Орал­бай қаланың тазалығына мән беру әр тұр­ғынның міндеті екенін айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың тапсырмасына сәйкес, бүкіл ел бойын­ша «Таза Қазақстан» экологиялық ак­циясы өтіп жатыр. Бүгін біз Алматы ау­данында ағаш отырғызуға қатыстық. Елор­даның барлық тұрғынын қаланың да­муы мен тазалығына үлес қосуға, оны өз ауданынан бастауға шақырамын. Әр тұрғын осы акцияларға қатысып, қала­ның тазалығына мән беруі керек. Егер оны өзіміз таза ұстамасақ, басқа елден кел­гендер тазалықпен қарайды деп ой­ла­маймын. Бұл үйдегі балаға берілетін тәрбиеден басталады», – дейді спортшы А. Оралбай.

Сәкен Бибосынов – Токио Олим­пиа­дасының қола жүлдегері, Париж Олим­пиадасына жолдама иегері абат­тан­дыру істеріне бірнеше рет қатысыпты. 

«Республика деңгейінде өтіп жатқан экоа­кцияға біз де қатысып, қаланың та­за­лығына үлес қосып жатырмыз. Ел кө­ле­мінде өтетін мұндай жұмыстарды қол­­даймыз, сондықтан барлық қазақ­стан­­дықты аталған акцияға қатысуға ш­а­­қырамын. Осының алдында Түркі­стан қа­ласындағы «Таза Қазақстан» ак­ция­сына қатысып едім, енді бүгін елор­да­мыз­дың тазалығына үлес қосу бұйы­рып­ты», – деді боксшы Сәкен Бибо­сы­нов. 

Ауқымды экоакция аясында жасыл-желек отырғызу мен оларды күтіп ұстау, аула-көшені тазалау жұмыстары әлі жал­ғасуда. Осындай шараға қатысқан аудан тұр­ғындары арасында қоғамдық мәде­ниет деңгейі артып келеді.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ