18 мамырда сағат 18:00-00:00 аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде халықаралық музейлер күніне арналған «Музей түні» акциясы шеңберінде «Музей – құндылықтар мекені» атты мәдени-танымдық іс-шара өтеді.
«Музей түні» астаналықтарды қуантады
624
оқылды

Іс-шараның мақсаты – руха­ни-мәдени құндылықтарды, хал­қымыздың тарихын, мәдениетін бір кеңістікке біріктіре отырып, әртүрлі жанр мен стильдегі өнер туындыларын ұсыну. Музей қыз­метін, ондағы экспонаттар мен жәдігерлерді кеңінен насихаттау. Бұл күні таңғы сағат 10:00-нан бастап «Балдырған гид» шолу экскурсиялары, Ұлттық музейдің ғылыми жобалар аясында жарық көрген кітаптардың тұсаукесері, картина мен мүсін туындыларына көшірме жасаудан шеберлік сыныбы мен Ұлттық музейдің жобалары аясындағы музейлік сабақтар өтеді.

Сағат 16:00-де Суретшілер одағының мүшесі Рафаэль Слеке­новтің «Тәңір нұры» атты жеке көрмесі ашылады. Сағат 18:00-ден бастап музей қонақтарына Роза Бағланова атындағы «Қазақ­концерт» мемлекеттік концерттік ұйымының концерті, қолөнер­ші­лер жәрмеңкесі, «Дала кескін­демесі: рәміздер, бояулар, бей­нелер» мен «Ерлікке тағзым – елдіктің белгісі» көрмелері, Ұлт­тық музейдің Консервация және қалпына келтіру қызметінің ше­берлік сабақтары, «Музей қорын­дағы атақты тұлғалар домбыра­сының үнін жаңғырту» атты лек­ция-концерт ұсынылады.

Сонымен қатар көрермен үшін театрландырылған экскур­сия, «Жұлдызды гид. 10 жұлдыз. 10 жауһар» шоу-жобасы ұйымдас­тырылады. Аталған мәдени іс-шара Ұлттық музейде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Өткен жылы келушілер саны 48 мыңға жуықтаған. Айта кетейік, «Халықаралық музей күні» мере­кесі 1977 жылы халықаралық музейлер кеңесінің бас конферен­циясында бекітілген. Сол жылы алғашқы «Музей түні» іс-шарасы Берлин қаласында өтті.