Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құн­дылықтарды да тізіп шыққан еді.
Ұрпақтар сабақтастығы сөз болды
970
оқылды

Ол – тәуелсіздік және отаншылдық, бір­лік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, заң және тәртіп, ең­бекқорлық және кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық болатын. Осы қосарланған алты құндылық ұлттың жаңа сапасын қа­лып­тастырудың негізгі бағыт-бағдары бола алады. Бұл, тіпті идео­логиялық тұжырымдама іспеттес. Былтырғы құрылтайда жарияланған «Адал азамат» ұғымымен де үндесіп жатыр. Осы ретте Астана қаласы әкімдігінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ұйым­дас­тыруымен «Адал азамат – Адал Еңбек – Адал табыс» тақырыбында дөң­гелек үстел өтті. Аталған іс-шара Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында Мем­лекет бас­шысы берген тапсырмаларды іске асыру мақсатында өт­кізілді.

Ұрпақтар сабақтастығы тақырыбында өткен дөңгелек үстелде алғашқы болып сөз сөйлеген Астана қаласы әкімдігінің «Бел­сенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ директоры Мұхтар Еркетаев орталықтың жұмысы туралы айта келе, орталықтың ұр­пақ тәрбиесіне де баса назар аударып отыр­ғанына тоқталды. 

Дөңгелек үстелге қоғам қайраткерлері, Мәслихат депутаттары, Астана қаласының құрметті ардагерлері мен зиялы қауым өкіл­дері, еңбегімен ерекшеленген білікті ма­­­мандар қатысты. Олар құрылтай тұжы­рым­­дамасына сәйкес «Ұрпақтар сабақ­тас­тығы» тақырыбын талқылап, аға буын өкіл­дерін ұрпақ тәрбиесіне тарту туралы ой бөлісті. Мәселен, ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төра­ғасы, милиция генерал-майоры Өмір­зақ Болсамбеков ардагерлердің қоғамдық өмірге белсенді қатысуының ұрпақ тәр­бие­сіне әсерін айта келе жас қызметкерлер арасында патриоттық тәрбие беру мәсе­ле­леріне де тоқталды. 

– Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің тө­рағасы ретінде айтар болсам, бүгінде қо­ғамдық бірплестіктің 45 филиалы бар. Он­да есепте тұрған 80 мыңнан астам арда­гер бар. Оның 5-уі Екінші дүниежүзілік со­ғыс ардагері, 200-дей еңбек майданы­ның ардагері, 100 шақты Ауған соғысына қа­тыс­­қан ардагерлер, бірінші, екінші топ мү­гедектері мен 2000-нан астам зейнеткер бар. Бүгінде ардагерлер жас ұрпақ тәрбие­сіне жақсы атсалысып келеді. Мен арда­гер­лердің қоғамдық өмірге белсенді қаты­сып жатқанын көргеніме қуаныштымын. Бұл жас ұрпақты адамгершілік пен пат­риот­тыққа тәрбиелеуге, қызметтік дә­стүр­лер­ді сақтауға, жастар арасында полицей ма­мандығының имиджін сақтауға ықпал ете­ді. Қазір ішкі істер органдарының ар­дагерлері қоғамдық жұмыстарға белсене қа­тысып, түрлі іс-шараға қатысып, жи­нақ­­талған тәжірибесі мен білімін бөлісе оты­рып, жас мамандарды үйретіп, жастар­мен патриоттық жұмыстарға үлкен көңіл бөлуде, – деп атап өтті Өмірзақ Болсам­беков.

Сондай-ақ жиында Президент жанын­дағы Мемлекеттік басқару академиясы Бас­қару институтының директоры Зұлфу­хар Ғайыпов та сөз алып, Мемлекет бас­шы­сы айтқан «Адал азамат» ұғымына кеңі­нен тоқталды. 

«Мемлекет басшысы отаншылдық, адам­гершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жер­ге жанашырлық сияқты асыл қасиет­тер бәрінен биік тұруға тиіс екенін айтты. Осын­дай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңір­­ген жанды Адал азамат деген бірауыз сөз­бен сипаттауға болады», – деді. Міне, біз де осы ретте Президенттің осы сөзінен нәтиже шығаруымыз керек. Нағыз отан­шыл­дық, отансүйгіштік дегеніміз – ел мен жерге жанашырлықтан бөлек білім­паз­дық пен еңбекқорлық. Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» де­гені де осыны меңзейді. Біз осы идеоло­гия­ны басшылыққа алып, іргелі құнды­лық­ты ұрпақ санасына сіңіре беруіміз керек», – дейді Зұлфухар Ғайыпов. 

Кеш қонағы ретінде шақырылған батыр-полицей Арман Сәрсембаев «Ерлігі үшін» медалімен қандай ерлік істері үшін ма­ра­патталғаны және адал еңбек жетіс­тік­терге жетелеп, абыройға бөлейтінін айтты.

Сонымен қатар дөңгелек үстел жұ­мы­сына қатысқан жас маман, My Mind меди­ци­налық технологиялар саласындағы стар­тап әзірлеушісі Ю. Тумгоев жастардың ғы­лымға сіңірген еңбегі мен аға буын өкіл­дерінің өнегелі істері арқылы жас ма­ман­дарды еңбекке баулу туралы ойын білдірді.

«Адал азамат – Адал Еңбек – Адал та­быс» атты дөңгелек үстелде блиц-сауал­на­ма мен орталықтың қызметі туралы бей­­­­нематериал көрсетілді.

Кеш соңында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Мұхтар Еркетаев дөңгелек үстел қатысушыларына алғысын біл­діріп, ұрпақтар сабақтастығын жалғас­тыруда зейнеткерлердің мол тәжірибесі мен нақыл сөздері маңызды екенін баса айтты. 

Наурызбек САРША