Ер адамнан 36 орама мефедрон табылды.
Шымкентте есірткі курьері қылмыс үстінде ұсталды
767
оқылды

Шымкентте есірткі жасырумен айналысқан ер адам ұсталды. Ол полицейлерге бағынбай, қашып кетпек болған. Алайда тәртіп сақшылары оның соңынан қуып, қамауға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Күдіктіден аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіленді. 

Полицейлер есірткі курьерін Қаратау ауданындағы рейд барысында қала көшелерінің бірінен қылмыс үстінде ұстаған.

Ер адамнан 36 орама мефедрон табылды. 

«Ұсталған азаматтың интернет арқылы оңай «жұмыс» тауып, қала аумағында есірткі қойып кетумен айналысқаны анықталды. Ал жасырын орындар туралы ақпаратпен ол мессенджерде бөлісіп отырған. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген қалалық ПД хабарламасында.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.