Жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонған.
Қостанай-Алматы бағытындағы ұшақта жолаушы қайтыс болды
Фото: Көлік министрлігі
1,459
оқылды

FlyArystan әуекомпаниясының KC7141 рейсі кезінде жолаушылардың бірі өзін нашар сезінген. Соған байланысты ұшақ Астанаға шұғыл қонған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstantv Telegram  арнасына сілтеме жасап.

Әуекомпаниясының мәліметінше, экипаж алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дәрігермен бірге стюардессалар дефибриллятор арқылы жүрек-өкпе реанимациясын жасаған.

– Командирдің шешімімен жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонды. Әуекомпаниясының стюардессалары әуежайға келгенге дейін жүрек-қан тамырлары массажын жасады. Өкінішке қарай, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын растады, – делінген хабарламада.