Президент Тоқаев Отан қорғаушылар күні қарсаңында мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға мемлекеттік гранттар бөлу туралы заңға қол қойған еді.
Бүгін сағат 16.00-де тікелей эфирде грант таратылады
Фото: Ақмола облысының ІСБ
1,900
оқылды

16 мамыр сағат 16.00-де Qazaq Army YouTube арнасында мерзімді әскери қызмет сарбаздары арасында білім беру жеңілдіктерін бөлу  online форматта өтеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Президент Тоқаев Отан қорғаушылар күні қарсаңында мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға мемлекеттік гранттар бөлу туралы заңға қол қойған еді. 

Соған орай, күзден бастап азаматтар жоғары оқу орнына түсу үшін 100% жеңілдік алып қана қоймай, стипендиямен қоса толыққанды грантқа ие болады. 

Іріктеуді өткізудің ыңғайлылығы мен ашықтығы үшін «Срочники 2.0» цифрлық платформасы енгізілді. Сарбаздар әлеуметтік желілерде жарияланған тізімдерге сәйкес, осы платформада жоғары оқу орындарына түсу сертификаттарын алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.