Көпшілікке "3 минуттық макияж" арқылы танылған блогер Айшолпан Байтүгел журналист Асхат Садырбайға сұхбат беріп, жеке өмірі туралы айтты.
"Жігіттердің 99 пайызы бас тартты": блогер Айшолпан Байтүгел жеке өмірі туралы айтты
912
оқылды

Көпшілікке "3 минуттық макияж" арқылы танылған блогер Айшолпан Байтүгел журналист Асхат Садырбайға сұхбат беріп, жеке өмірі туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазір танымал фильмдерде бой көрсетіп жүрген Айшолпан ер азаматтармен қарым-қатынасы сәтсіз аяқталғанын айтты.

"Сөйлескен жігіттерім болды. Бірақ 99 пайызы менен бас тартты. Ол туралы қиналмай айта беремін. Кездесуге шығып келемін, келесі күні "блоктап" тастайтын. Осындай жағдай бірнеше рет болды. Тіпті, ұнатқан адамдарыма өзім сөз айтқан кездерім де болды. Бас тартты. Бірақ мұны өзіндік ирониямен қабылдадым. Кез келген дүниені айта алсаң, мойындай алсаң, жеңіл екен. Өмірімде маған ешкім ғашық болған емес", – деді блогер.

Айшолпан жігіттердің өзінен бас тартуына басты себеп неде екенін де айтты.

"Мен сол кездегі ішкі халімнен деп ойлаймын. Сол кезде қандай комплекс болды, бәрі алдымнан кезікті. Қазір мен өз-өзімді жақсы көремін", – дейді Айшолпан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.