Қарыз алушымен жұмыс істеу кезінде коллектор өзара іс-қимыл қағидаларын сақтауға тиіс.
Коллекторларға не істеуге болмайды: пайдалы кеңес
www.istockphoto.com
3,799
оқылды

Коллекторлық агенттік − жеке және заңды тұлғалардан берешектер өндіріп алуға маманданған ұйым. Банктер мен микроқаржы ұйымдары коллекторлық агенттіктерді  берешекті сотқа дейін өндіріп алу үшін тартады немесе оларға мерзімі өткен кредит бойынша талап ету құқығын сата алады. 

Егер сізбен коллекторлар байланысқан болса, не істеу керектігі жөнінде  Aikyn.kz  сайты Fingramota.kz-тегі  материалға  сілтеме жасай отырып, айтып береді. 

Коллекторлық қызметті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде есептік тіркеуден өткеннен кейін ғана жүзеге асыруға болады. Компания коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізілуі керек, оны реттеушінің www.gov.kz веб-сайтында «Қаржы нарықтары» бөлімінде тексеруге болады.

Коллекторлық агенттіктердің қызметі «Коллекторлық қызмет туралы» ҚР заңымен, басқа да заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен реттеледі және кредитормен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде жүзеге асырылады. Агенттіктің коллекторлық агенттіктердің қызметіне қатысты барлық заңнамалық түзетулері, ең алдымен, борышкер мен коллектор арасында өркениетті қатынастар құруға және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Қарыз алушымен жұмыс істеу кезінде коллектор өзара іс-қимыл қағидаларын сақтауға тиіс: әрбір байланыс кезінде өзін таныстыруы, коллекторлық агенттік пен кредитордың атауын, берешектің сомасы мен құрылымын, сондай-ақ міндеттемелерді орындамаудың салдарын хабарлауы керек. Бұл ретте коллектордың банктік шотты бұғаттауға, борышкердің мүлкін тізімдеу жүргізуге және тыйым салуға, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде осы мүлікті сатуды жүзеге асыруға құқығы жоқ. Бұл жеке сот орындаушыларының құзыретіне кіреді.

Коллекторларға не істеуге болмайды?

Заңның шеңберінен аспау үшін коллекторлардың:

- коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуға не осы тұлғалардың мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария етуге;

- коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ осы тұлғаға мүліктік және өзге де зиян келтіруге алып келетін, құқыққа қайшы әрекеттер жасауға;

- борышкерге, оның өкіліне, үшінші тұлғаларға күш қолдану не олардың мүлкін жою немесе бүлдіру қатері, қорлау, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау арқылы борышкерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мәжбүрлейтін қысым көрсетуге;

- коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаны берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыруға;

- коллекторлық агенттік кредитор болатын жағдайларды қоспағанда, берешекті өтеу есебінен ақшаны (қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауға;

- коллекторлық агенттік кредитор болатын жағдайларды қоспағанда, берешекті ақшадан басқа, өзге мүлікпен өтеуді талап етуге;

- коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге құқығы жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.