Біз Ресейдің рублімен параллель жүруіміз керек - экономист
Біз Ресейдің рублімен параллель жүруіміз керек - экономист
© Сурет ғаламтордан
265
оқылды
9 наурыз күні ақша айырбастау орындары долларды 391-395 теңге бағасымен сата бастады. Бұл ретте демалыс күндері доллар бағамы 382,05 теңге болғанын ескерсек, АҚШ валютасы бір күнде 13 теңгеге қымбаттаған. Осы орайда ұлттық валютамыздың құлдырауының ұлттық экономикаға әсерін қалай азайту керегін экономист Сапарбай Жобаевтан сұраған болатынбыз. Маманның айтуынша, Ұлттық банк осы саясатты ұстанса экономикаға аса қауіп төнбеуі тиіс.
"Біз Ресейдің рублімен параллель жүруіміз керек. Біздің бір қателік жасағанымыз бар.  2014-15 жылдары 1 рубльді 207 теңгеге дейін күшейтіп жіберген болатынбыз. Сол кезде 28 миллиард ақша жоғалттық. Осыны Ұлттық Банк түсініп, қазір жақсы саясат ұстанып отыр. Осыны жалғастыру қажет", – деді ол.