Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды.
Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен қыздың денесі табылды
Фото: Абай облысы ПД
1,410
оқылды

Семей қаласы тұрғынының 16 және 18 жастағы балалары хабар-ошарсыз кеткені туралы мәлімдемесіне сәйкес, жоғалған жасөспірімдерді іздеуге Семей полиция гарнизоны көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Іздеу іс-шаралары Ұлттық ұланның, полицияның, құтқарушылардың, еріктілердің, сондай-ақ белсенді азаматтардың күштері мен құралдарын тарта отырып жүргізіліп жатыр. 15 мамырда 18 жастағы қыздың денесі "Құрылысшы" профилакториясының маңында суда табылды. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды. Кәмелетке толмаған баланы іздеу жалғасып жатыр. 

«Туыстарына және жақындарына қайғырып көңіл айтамын», – деді Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.