17 мамырда түнде Алматыда қатты жаңбыр, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Қатты жауын-шашын: ТЖД Алматыны су басуы мүмкін екенін ескертті
412
оқылды

Алматының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты ескерту жасады, – деп жазады Aikyn.kz.

"Қазгидромет" болжамына сәйкес 16-18 мамыр қалаға, іргелес таулы аудандарда қатты жауын-шашын жаууы мүмкін. Сондықтан өзендердегі су деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр. Егер қауіпті межеден асып кеткен жағдайда су арнасынан асып, тасиды. 

Құтқарушылар тұрғындарға жақын маңдағы арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту қажеттігін еске салды. 

Болжамға сәйкес, 16 мамырда кешке, сондай-ақ 17 мамырда түнде Алматыда қатты жаңбыр, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 17-22 метрге жетуі мүмкін.