Темекі өнімдері көлік құралдарының арнайы жабдықталған жасырын орнынан табылды.
ҰҚК Шекара қызметі темекінің ірі партиясының заңсыз тасымалын тоқтатты
Фото: ҰҚК шекара қызметі
911
оқылды

ҰҚК Шекара қызметі «Сырым» (Батыс Қазақстан облысы), «Сыпатай батыр» және «Қарасу» (Жамбыл облысы) автомобиль өткізу пункттерінде жалпы сомасы 200 млн теңгеден асатын декларацияланбаған 380 мыңнан астам қорап темекі тасымалын тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, темекі өнімдері көлік құралдарының арнайы жабдықталған жасырын орнынан табылды.

Одан әрі қаралуы үшін алынған жүк аталған облыстардың экономикалық тергеу департаменттеріне берілді.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.