Жөндеу жұмыстарына 4 арнайы техника, 15 маман жұмылдырылды.
Атырау-Индер тасжолы уақытша жабылды
1,610
оқылды

Атырау-Индер тасжолының 27 шақырымында жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан жол уақытша жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов оқиға орнына барып, жағдайды баяндады. Оның сөзінше, "Атырау-Индер" тасжолының 27 шақырымында шұғыл қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

– Талдыкөл ауылын газбен қамтамасыз етіп тұрған құбырының айналасына өр суы таралып, салдарынан топырақ пен трасса опырылып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Газ құбырының бүлінуі, газ тарау фактілері тіркелген жоқ. Атырау облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандары қазіргі уақытта жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. 4 арнайы техника, 15 маман жұмылдырылды. Жол бүгін, яғни, 17 мамыр кешкі уақытына дейін толық қалпына келтіріледі, – деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.

27-28 шақырым аралығында автокөлік жүргізушілеріне айналма жолмен жүруге мүмкіндік бар.

Атырау қалалық Полиция басқармасы Жол жүру техника инспекциясы қызметкерлері жолдағы көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.