Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың 10 жыл неліктен халықтың алдына шықпағанын түсіндірді.
«Бірінің артынан бірін босанды»: Қайрат Нұртастың анасы келіні туралы бар шындықты айтты
Фото: видеодан скриншот
3,331
оқылды

Продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова «Жақсы адамдарым» бағдарламасында баласы Қайрат пен келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың қарым-қатынасы туралы айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

 

Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың 10 жыл неліктен халықтың алдына шықпағанын түсіндірді.

«Ол кезде Қайраттың енді сахнаға шығып жүрген кезі. Мен басынан бастап Жұлдызға оны түсіндіріп айттым. Ол сахнаның адамы, бір күн үйде бар, бір күн жоқ дедім. «Ертең екеуің ұрсысып қалып, менің көңіл күйімді түсірмейсіңдер ме?» деп едім, ол «мен де өнер адамымын, түсінемін» деді. Онда менің көзімше ешқашан ұрсыспаңдар, жатын бөлмеде ұрсысыңдар дедім. Сендердің қас-қабақтарыңа қарамаймын дедім. Жұлдыз уәдесінде тұрды. Біздің көзімізше ешқашан ұрсысқан жоқ. Бірінің артынан бірін босанды. Үйде отырғанда үйқамақта отырған жоқ. Көлік айдауды үйренді, оқуын бітірді», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Продюсер атағандай, келіні Қайратпен бірге шетелде қыдырып, ағайын арасында ашық жүрген.

«Екі ұл мен екі қызды туып, қол босаған кезде Қайраттың әйелі емес, Жұлдыздың «жұлдыз» болып шығатынын құдаларыма айтып, сөз берген болатынмын. Уақыты келді дедім. 1 жыл бойы киноның сценарийін іздедім. Осылайша, Жұлдызды актриса ретінде таныстырдық. Ол жағынан жолымыз болды. 3 мың доллар ақшамызды жинап, сол киноны шығардық. Ол да Қайраттың қара терімен келген еңбегі ғой», – дейді продюсер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.