Жарыстың 4-ші күні шаршы алаңға Қазақстан әйелдер құрамасының 20 боксшысы көтерілді. Ақтық кезең жолдамасын алғашқылардың бірі болып 52 келідегі Жазира Орақбаева иемденді.
«Елорда кубогы» өтіп жатыр
848
оқылды

Көпшіліктің назары Карина Ибрагимовада болды. Әзірге ол ұлттық құрама сапынан Олимпиада ойындарына жолдама алған жалғыз боксшы. Турнирдегі қарқыны жаман емес. Рингте отандасымызбен жұдырықтасып, мықтылығын дәлелдеді. 

– Қарсыласым оңай емес. Жастар арасындағы екі дүркін Азия чемпионы. Бірақ жеңіске жеттім. Бұл менің Олимпиада алдындағы соңғы жарысым, – деді боксшы Карина Ибрагимова. 

Әйелдер арасындағы жартылай финалдық жекпе-жектерге Каринадан басқа Олимпиада жолдамасы бар өзге елдердің 8 бокс­шысы және 6 әлем чемпионы өнер көрсетті.