Ол ата-әжесінің тәрбиесінде өскен.
«Мені 7 айлық кезімде ата-әжемнің қолына берген»: танымал блогер өз өмірі жайлы айтты
3,823
оқылды

Танымал блогер, продюсер Марғұлан Әден "Taboo" бағдарламасына берген сұхбатында 7 айлық кезінен бастап, ата-әжесінің қолында тәрбиеленгенін айтты,-деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол ата-әжесінің қолында еркелеп өскен екен.

"Мен ата-әжемнің қолында еркелеп өстім. Мен олардың алғашқы немересімін. Олар мені "Сарытайлақ" деп еркелететін. Менің ата-әжем да, туған ата-анам да мұғалім. Біздің отбасыда сабақты жақсы оқу керек деген қағида бар. Қатал тәрбиеледі деп айта алмаймын, еркелететін жерде еркелетті, ал сабақ өз орнымен болды. Ауылда мал болмады, сондықтан сабаққа көбірек көңіл бөлінді, күреске де қатысатынмын. Ата-анам мені ата-әжемнің қолына 7 айлық кезімде берген, кейін алтыншы сыныпқа көшкенімде қайта қалаға, ата-анамның қолына қайттым. Қалаға қайтқаннан кейін атамды өте қатты, ерекше сағынатын едім. Тура мен қалаға кеткенде ауылдағы үйге телефон орнатты, сонымен күніне үш рет атаммен хабарласып, сөйлесетінбіз. Мен мектеп бітіргеннен кейін атам қайтыс болды, апам аман. Ата-анамның қолына қайтқаннан кейін үйренісе алмау, жатырқау деген болды әрине. Тіпті әкеммен дұрыс сөйлесе алмайтынмын. Менің әкем негізі тұйық кісі. Сол кезде онымен көп сөйлесе алмауымның себебі менің ата-әженің қолында өскенім деп айта алмаймын. Менің әкем жұмысына барып, келіп, үй тірлігін істеп, өзімен-өзі жүретін кісі. Ал анаммен бұрыннан жақсы қарым-қатынастамыз. Мені ата-анамның қолына бергеніне қуанамын",-дейді блогер. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.