Ер адам әйелге 55 секундта 12 рет қол көтерген.
Алматыда жұрттың көзінше әйелін сабаған ер адам қамауға алынды
696
оқылды

Алматыда ер адам әйелін жұрттың көзінше ұрып тастаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға лифттің жанында болған. Ер адам әйелін  артынан қуып келеді. Бір сәтте ер адам әйелге қол көтере бастайды. Ал қасында тұрған ер адамдар көмектеспей, қарап тұрады.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті ұсталды және Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады ведомство.