Бұл туралы блогердің жұбайы мәлім етті.
Мейіржан Төребаев отбасымен қауышты
Фото: видеодан скрин/instagram.com/dana_yesseyeva
11,175
оқылды

Блогердің жұбайы Дана Есеева Мейіржанның демалысқа келгенін айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, балалар әкесімен кездескеніне қуанып жатыр

«Мейіржанның заңда белгіленген қысқамерзімді демалысы бар (113-бап, мекемеден тыс жүру). Балалар қуанып жатыр. Кішкентайлар кейінгі кездесуден кейін сөйлей бастады, көп сұрақ қоятын болған. Үлкендері бәрін түсінеді, жақын арада тағы да Павлодарға аттанатынын сезіп, жанына үнсіз отырып, құшақтайды. Онда Мейіржан күндіз «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жұмыс істеп, кешке мекемеге қайтады. Ең бастысы, ананың жүрегі тынышталды. Ұзақ болмаса да, жалғыз ұлы қасында», - деп жазды ол.

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа сот үкімі шықққанын жазған болатынбыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.