Күміс жүлдені өзбекстандық Абдулла Азимов (14.633), қоланы иорданиялық Әбу әл-Сауд Ахмад еншіледі.
Нариман Кұрбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды, Милад Карими – күміс жүлдегер
Фото: ҰОК
1,498
оқылды

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия біріншілігінде қазақстандық Нариман Кұрбанов чемпион атанды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Кұрбанов гимнастикалық ат снарядында үздік шықты. Ол аталған жаттығуда 15.600 ұпай жинап, алтын медаль иеленді. 

Күміс жүлдені өзбекстандық  Абдулла Азимов (14.633), қоланы иорданиялық Әбу әл-Сауд Ахмад еншіледі. 

Ал Милад Карими болса, еркін жаттығудан күміс медаль жеңіп алды. Бұл Миладтың Ташкент төріндегі екінші күмісі. Бұған дейін ол көпсайыста үздіктер қатарынан көрінген  болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram    арнасынан таба аласыз.