Кішкентайды үй іші екі күн іздеген.
Үш жасар бүлдіршіннің денесі көршісінің дәретханасынан табылды
854
оқылды

Екі күн іздеген 3 жасар Асылымның денесі көршісінің дәретханасынан табылды. Бұл туралы журналист Батыржан Ибрагим желідегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты inbusiness.kz сілтеме жасап.

Бүлдіршін Түркістан облысы Сіргелі ауылында екі күн бұрын жоғалған болатын. Ауыл адамдарының оны іздемеген жері қалмады. 

"3 жасар Асылым сағат 22:50 шамасында көршісінің үйінің дәретханасынан табылды. Ата-анасы, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", – деп жазды ол.

Айтуынша, шүйдесінен қатты соққы алыпты. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.