Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың ұзақ уақыт ел алдына шықпау себебін түсіндірді.
Қайраттың еңбегі, біз себепкер болдық: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қалай танылғанын айтты
4,144
оқылды

Продюсер "Жақсы адамдарым" бағдарламасында тұңғыш келіні жайында әңгімеледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қайраттың сахнаға шығып жүрген кезі. Басынан бастап Жұлдызға түсіндіріп айттым. "Жұлдыз, бұл енді-енді сахнаға шығып жатыр. Халықтың адамы болады. Ертең үйде бір күн бар, бір күн жоқ болады. Сол кезде екеуің ұрсысып, менің көңіл күйімді түсірмейсіңдер ме" деп сұрадым. "Мен де өнер адамы болғасын, мен де түсінемін" деп жауап берді Жұлдыз. "Біздің көзімізше ұрсыспаңдар, ұрыстарыңды біз көрмейтін болайық" деп уәделестік. Сол уәдесі уәде, Жұлдыз біздің көзімізше ұрсысқан жоқ. Сосын балаларын дүниеге әкелді. 10 жыл үйде қамақта отырған жоқ. Көлігін айдап үйренді, оқуын оқыды. Қайратпен бірге шетелге қыдырып, ағайындардың арасында жүрді. Екі ұл, екі қызы өскен соң Жұлдыздың ата-анасына "Жұлдыздың жұлдызын жандырамын" деп уәде берген едім. Содан кейін уақыты келді дедім. Бір жыл киноның сценарийін іздедім. Сөйтіп, Жұлдызды актриса ретінде танытпақ болып, осылай кино түсірдік. Айналып келгенде мұның бәрі Қайраттың еңбегі, біз тек себепкер болдық", – деді продюсер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.