Қазір Иранның арнайы қызметі оқиға орнына жетуге тырысып жатыр.
Иран президенті мінген тікұшақ таулы аймаққа апатты жағдайда қонды
Фото: report.az
1,935
оқылды

Бортында Иран президенті Эбрахим Раиси мен Сыртқы істер министрі бар тікұшақ Джульфа қаласының таулы аймағына апатты жағдайда қонды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Иран ақпарат құралдары Раисидің Әзербайжаннан қайтып келе жатқанын, ол жерде президент Ильхам Әлиевпен кездескенін хабарлады. Араз өзенінде жаңадан салынып жатқан «Худаферин» және «Гыз-Галасы» су электр кешендерінің салтанатты ашылу рәсімі болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттың болуына өңірде ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр. Иран басшысының аман қалғаны, делегация мүшелерінің бірі байланысқа түскені хабарланды. Басқа тікұшақтармен ұшқан шенеуніктер діттеген жеріне аман-есен жетті.

Қазір Иранның арнайы қызметі оқиға орнына жетуге тырысып жатыр. Аймақты қалың тұман басқан, жаңбыр мен жел тұрып жатыр.

Иран билігі ресми мәлімет бермеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.