Жайық өзенімен өр суының көптеп келуі Махамбет ауылына қауіп төндірді.
Жайық өзенінде су деңгейі көтеріліп, Махамбет ауылына қауіп төнді
Фото: zh-shugylasy.kz
3,347
оқылды

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты өңірдегі Махамбет ауылына қауіп төнді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өңірлік ТЖ жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, осы жағдайға байланысты Махамбет ауданының орталығы – Махамбет пен Сарытоғай ауылының арасындағы жолды жабуға тура келген.

«Жайық өзенімен өр суының көптеп келуі Махамбет ауылына қауіп төндірді. Соған байланысты Махамбет–Сарытоғай ауылын жалғаған тасжол жабылып, су арнасы бағытын бұру үшін жырылды. Махамбет ауданының әкімдігі жол төсемін қалпына келтіру үшін инертті материалдар дайындады. Алайда судың көп көлемде келуі мен ағыстың қаттылығынан бұл жұмысты жүргізу мүмкін болмай тұр», - деп хабарлады облыстық жедел штаб.

Су деңгейі төмендегеннен кейін жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетіні жоспарланып отыр.

«Су тасқынымен күресте уақытша қолайсыздықтар туындайды. Бірақ аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Сарытоғай елді мекенін Махамбет ауылына қатынаушылар «Сейтек» шәйханасы жанындағы айналма жолмен жүруіне болады», - деп мәлімдеді облыстық жедел штабтан.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.