51 жастағы Насырбекова ұлының үйлену тойын Грузияда өткізген.
«Раушан иісі аңқиды»: блогер Насырбекова ақыры Аленамен құдағи атанды
Фото: скриншот
807
оқылды

Экс-министр Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында куәлік берген блогер Гүлнәр Насырбекованың ұлы үйленді. Насырбекова ақыры «раушан иісі аңқитын» Аленамен құдағи болды, деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

51 жастағы Насырбекова ұлының үйлену тойын Грузияда өткізген. Бұл туралы желіде видеолар тарады.

«Ресми түрде құдағи атанды. Ұлының тойы болды. Өткендегі шудан кейін өтпей қалған жоқ»,   дейді журналист Жанна Алпысбаева.

Еске салсақ, блогер Бишімбаев ісі бойынша жауап берген. 24 жылға сотталған Бишімбаевпен оның телефон хабарламаларында «сенен раушан иісі аңқиды» деген сөзі бар. Насырбекова бұл тіркесті өзінің құдағиы Аленаға жазам деп, шатасып Бишімбаевқа жазып жібергенін айтып ақталған.

Желі қолданушылары блогердің сөзінің түп-төркіні басқа деп, түрлі болжам жасаған. Соның ішінде ағылшынның сөз тіркесі «сome up/out smelling like roses», яғни «айран ішкен құтылып» деген мағынаны береді деген жорамал кеңінен тарады.

Көпшілік Бишімбаевтың «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алғанын ескеріп, оның ағылшынша сөз тіркесін түсінбеуі мүмкін емес дегенді айтты.