Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.
Стратегиялық серіктестік қарқынды дамуда
888
оқылды

Мемлекет басшысы Ресей дип­ломатына ілтипат білдіре оты­рып, екі елдің қатынастары стратегиялық серіктестік және одақ­тастық рухында қарқынды да­мып келе жатқанын атап өтті.

Кездесу барысында сауда-эко­номикалық ынты­мақ­тас­тық­ты одан әрі нығайту және ин­вес­ти­циялық-өнеркәсіптік коопе­рация­ны ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұ­ған дейін жоғары деңгейде қол жет­кізілген уағдаластықтарды то­­­­лыққанды жүзеге асырудың маңызы зор екенін айтты. Оның пі­кірінше, барлық тапсырма ст­ратегиялық сипатқа ие және екі ел арасындағы көпқырлы бай­ла­ныстарды айтарлықтай ны­ғай­­туға бағытталған.

Сонымен қатар кездесуде өңір­лік және халықаралық күн тәр­­­тібіндегі өзекті мәселелер, сон­дай-ақ көпжақты фор­мат­та­ғы және интеграциялық бірлес­тік­­тер аясындағы өзара іс-қи­мыл­дар талқыланды.